Астанадан қуанышты хабар жетті. Бұқаралық ақпарат құралдары күні мерекесі қарсаңында, яғни бүгін "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі үшін мерейді тасытқан күн болды.
Өткен жылы әріптес ағамыз, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі Исатай Балмағамбетов "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған еді.
Енді, міне, сол үздік үрдіс эстафетасын жалғастырған "Атырау-Ақпарат" ЖШС Бас директорының орынбасары Серік Балтабайұлы Қабдолов та мемлекеттік марапатқа ие болды.
Оның журналистік саладағы ізденісі, іскерлігі, жауапкершілікті жете сезінуі әріптестеріне әрдайым үлгі болып келеді. Адал еңбек, маңдай тер қашанда абыройға бөлейтіні ақиқат.
Оның жарқын көрінісі - Серік Балтабайұлының Мемлекет басшысының Жарлығымен "Шапағат" медалімен наградталуы.
Марапатыңыз құтты болсын, Серік Балтабайұлы!