Атырау Атамбаева 7г +77122458660 atyraureklama@mail.ru

Атыраулық ардагер қаламгер Төлеген Жаңабайұлы - 80 жаста

Бүгін "Атырау-Ақпарат" медиахолдингінде сексен жастың сеңгіріне көтерілген ардагер журналист, ақын  публицист, өлкетанушы Төлеген Жаңабайұлы ағамызды арнайы шақырып  ұлықтадық. 
Еңбекқор қаламгер "Іңкәр сезім", "Сырбаз сырлар", "Есте ғой, есте, сұрапыл соғыс", " Шіркін, шындық", "Халқымен етене Халел хакім", "Қыран қияға қонады" және басқа да - барлығы 16 кітаптың авторы. 

Ол - Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Халел Досмұхамедов атындағы алтын медалдің иегері,  Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің құрметті профессоры, Каспий  аймағы ғылым академиясының академигі, Қазақстанның үздік өлкетанушысы.
Өзім де Төлеген ағаның алдынан тәлім алған шәкіртімін. Атырау университетінің журналистика бөлімінде аға оқытушы, доцент болып дәріс берген ол менің ұстазым  әрі кураторым да болғанын мақтан етемін. Ғұмырыңыз ұзағынан өріліп, алдымызда ақылшы абыз атанып аман жүріңіз, АҒА!
Осы жиында Төлеген Жаңабайұлына облыс әкімі С.Шәпкеновтің Құттықтау хаты табысталып, иығына шапан жауып, сый-сияпатымызды ұсындық. Мерейжасына орай өз демеушілігімізбен "Атырау-Ақпарат" медиахолдингі баспасынан жарық көрген " Өткен жолда өмір іздері" атты жаңа кітабы да таныстырылды. 


  Мерейгерді әріптестері, шәкірттері құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнады. 
  Ардақты Төлеген аға! Сексеннің сеңгіріне шыққан мерейлі сәтіңіз тағы да құтты болсын!Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақ шаттығын, шығармашылық тың табыстар тілеймін!

СЕРІКТЕСТЕР

Медиахолдинг құрамындағы 2 облыстық, 7 аудандық және atpress порталы енеді

Atpress.kz
Atr.kz
Pricom.kz
Ser-per.kz
Naryntany.kz
Den-der.kz
Zh-shugylasy.kz
Ken-zhyloi.kz
Maqat-tynysy.kz
Qyzylqoga.kz

Баға ұсынысы

Сілтемені басу арқылы баға ұсынысымызды көре аласыз

Портфолио

Атырау Ақпарат медиахолдингі дайындаған өнімдер

Мекен жайымыз

Атырау қаласы:

Атамбаева 7г

Телефон: +77122458660

Email: atyraureklama@mail.ru

Жұмыс уақыты:

Дн-Жм: 09:00 - 18:30

Түскі үзіліс: 12:30 - 14:00

Сн-Жк: Демалыс

Бізбен байланыс

18 + 28 = ?