Бүгін "Атырау-Ақпаратта" көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай ардагер журналистерге құрмет көрсетіп, алғысымызды білдірдік.
Ақылы – дария, өмірі – өнеге үлкендерімізді қадір тұтқан елміз.
Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұрасы.
Осы орайда саналы ғұмырын журналистика саласына арнаған ардагер аға-апаларыммен жүздесіп, Алғыс айту күні мерекесімен құттықтауды жөн көрдік. Өмірлері өнегеге толы ардагерлерімізге әр күн сайын алғыс айтып отырса да жарасады.
Өңірдің БАҚ саласының алға ілгерілеуіне өлшеусіз үлестерін қосқан абзал аға-апаларымызға көктемнің алғашқы күні тілегімізді арнап, алғысымызды жаудырып арқа-жарқа болып ерекше көңілде болдық.
Бір-бірімізге айтар алғысымыз көп, қуанышымыз мол болсын.